Қырғызстан “G8” авторитарлық мемлекеттер қартарына кірді
Қырғызстан “G8” авторитарлық мемлекеттер қартарына кірді
Маусымның соңында басылған, «Өтпелі кезеңді басынан өткеріп жатқан мемлекеттер» атты жыл сайынғы Фридом Фаустың жасайтын баяндамасында Шығыс Еуропа мен бұрынғы Кеңес Одағының демократиялық даму жолындағы критерийлеріне қарай олар: басқару, сайлау үрдісі, сот жүйесі, азаматтық қоғам, тәуелсіз бұқаралық ақпарат құралдары және жемқорлық басымдылығының дәрежесі бойынша 29 мемлекетті тізімге алды.
Қырғызстан мен Ресей тұңғыш рет «авторитарлық мемлекет» деген ең төмен дәрежеде тұр. Фридом Хаус оларды: «диктаторлар саяси бәсекелестік болуына плюрализмге кедергі жасап, кең таралған негізгі саяси және азаматтық құқықтың және адам құқығының бұзылуына жауапты жабық қоғамдар» деп бағалады.
Осы дәрежедегі тізімге Орталық Азиядағы Қазақстан, Түркменстан, Өзбекстан және Әзірбайжан мен Белоруссия да кіреді. Ең соңында Қырғызстан мен Ресейдің кіргеннен кейін, бұл тізімдегі мемлекеттер саны рекордттық көрсеткішке ие болып, саны сегізге жетті.
Есепке толы 2008 жылғы оқиғалардың арасындағы ең маңыздысы, Фридом Хаус Қырғызстандағы сөз бостандығы мен жиналыстарды шектейтіні; Тәжікстандағы ҰЕҰ мен соттарға қатысты жасалып жатқан қысым; Өзбекстан Президенті Ислам Каримовтың өзінің артынан тіркеген үшінші мезгілдік «конституциялық емес» оппозицияның жоқтығы; сонымен қатар Түркменстанның және оның президенті Сапармурат Ниязовтың саясаттан мағынасыз алшақтап кетуі туралы жаңа заңдарды ерекше атады; Есепте айтылғандай, Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуі жақындаған сайын ел Үкіметінің басындағылар демократияға ұмтылыс пен тәуелсіз БАҚ дәрежесін және азаматтық қоғамды қабылдайтын «бір де бір сенімді қадам басқан жоқ» деп атап өтті.
IWPR сұраған сауалдарына көптеген Орталық Азия сарапшылары есепте жасалған қорытындылармен келісті: Орталық Азияның барлық мемлекеттерінде авторитаризм деңгейі мағынасыз әр мемлекеттің өзіндік принциптері бойынша өсіп келеді.
«Барлық Орталық Азия мемлекеттерінде стратегиялық жоспарда түйткілдер ұқсас болып келеді, тек үкіметтің қоғамды басқару тәсілімен ерекшеленеді»- дейді Тәжікстанның саясаткері, Парвиз Муллоджанов. – Авторитарлық тәртіптің көрінуінде кейбір ерекшеліктер бар, бірақ көбінесе бұл мемлкеттерде әлсіз демократиялық институттар жұмыс істейдіжәне отбасылық-қауымдық басқару тәсілдері байқалады, бір нәрсе болған жағдайда көптеген қоғамның бөлігі өздерін нағыз саяси мәселелерді шешуден тыс қалған сияқты сезінеді».
Бүкіл Орта Азия бойынша, өкіметтің институттары, сайлауды өткізу деген сияқты демократиялық принциптерді ұстанады, тәжірибеде ұлттық басқарламар сол принциптерге адал екенін сендіреді дейді Муллоджонов.
Өзбекстанның сарапшысы, Кормон Алиевтың айтуы бойынша, иілмейтін саяси жүйенің салдарының бірі, «қандай болмасын идеологияның болмауы» деп есептейді.
«Мұндай ойсыздықтан барлығын жолдан алып тастап, жемқорлық, қылмыс, өмір сүру мағынасының барлығы жеке пайда, жеке адамға табынушылыққа алып келеді. Жеке ойды білдіретін бостандықтың болмауы, ортақ мақсат, азаматтық қоғамды және жеке тұлғаларды азғындаушылыққа алып келеді.
Әр мемлекет туралы жеке айтқанда, мақаланы жазу үшін сұрау жасалғандар мен сапаршылардың Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстан жайында Фридом Хаустың авторитарлық мемлекет деп есептеген катеригорияға жатқызуы туралы ойлары әр түрлі болып келеді.
Жергілікті сарапшы, Олег Сидоровтың ойынша, Қазақстан «ауыспалы кезеңде» тұр.
«Бізде демократия деп айтуға болмайды, бірақ бұл тәртіпті авторитарлық деп те атауға келмейді, - дейді ол. – сол себепті біз ортадамыз».
Алматыдағы «Қауіп-қатерді бағалау тобының» директоры, Досым Сатпаев Қазақстанға «авторитарлықтан» гөрі «тоталитарлық мемлекет » деген термин көбірек келіседі деп есептейді.
«Қағаз жүзінде бізде партиялар, ҰЕҰ және БАҚ бар... қазақстанның саяси жүйесі авторитарлыққа жақын келеді», - дейді Сатпаев.
«Нур Отан» партиясын басқаратындардың бірі Гульнара Саменбекова, керісінше, ұйымның Қазақстанға берілген бағасы «негізсіз» деп нақтылайды. «Дәйектердің көрсетуі бойынша біз – демократиялық қоғамбыз», - деп ол қосып кетті.
Есепте жасалған сөз бостандығы мен жиналыстардың қысқартылғаны туралы, тәуелсіз БАҚ жоғалып бара жатқаны туралы және тәуелсіз заңнамалық жүйе жоқ деген қорытындылармен келіскен кейбір қырғыз сарапшыларына қарағанда, Қырғызстан Парламентінің мүшесі Галина Куликова мұнымен келіспейді.
Оның ойынша, Фридом Хаусқа оппозициялық көзқарастар өз әсерін тигізді. «Сіздер Қырғызстан туралы бос емес мемлекет ретінде айта алмайсыздар... Егер біз сондай болған жағдайда ешкімнің наразылықтарын білдіруге батылады жетпейтін еді», - дейді ол.
Есепте келтірілген,Т әжікстанды бағалауға қатысты айта кететін болсақ, саясаткер Рашид Абдулло әр бағытта дамып келе жатқан батыстық құндылықтарды барлық мемлекеттерге ортақ қолданғысы келеді деп ол есептен бас тартты.
Бұл жерде «Қандай болмасын Кеңес Одағы кезінен бері қарай келе жатқан мемлекет тұрақты болған сайын, Фридом Хаустың пікірі бойынша ол соғұрлым бос болады немесе керісінше, деген шешім сұранып тұрған сияқты – дейді ол. – Сонымен бірге Орта Азия республикаларындағы тұрақсыздық, жүздеген адамдар, одан қалғанда он мыңға жуық өмірлерін қиятын қақтығыс жағдайларына алып келеді деген жағдай мүлдем еленбейді».
Түркменстан мен Өзбекстанның сарапшылары мүдделес болды және тенденциялардың жақсарып келе жатқандығына қатысты бірде бір мысал келтіре алмады.
Өзін өзі атағысы келмеген, Түркменстанның сарапшысы, Фридом Хаус берген баға мемлекет үшін әділетті деп «барлық БАҚ мемлекеттің бақылауында, бірде бір тәуелсіз қоғамдық ұйым жоқ (ҮЕҰ) және мемлекетке халықаралық құқық қорғайтын ұйымдарға кіруге тыйым салынған» мәлімдеді.
Өзбекстандағы басқаруды қоса отырып, Алиев былай дейді: «Барлық жүйе қатал мемлекетпен қадағаланады, ал соңғысы адам еркіне бағынады».