Қазақстандағы хиджаб туралы дау

Қазақстандағы хиджаб туралы дау

Әйелдердің хиджаб киюіне (мұсылман киімі) қатысты пікір Қазақстанда екіге жарылып отыр.

Осы жылдың басында Білім министрлігі міндетті мектеп формасын енгізу туралы қаулы қабылдады, алайда хиджаб киюге ресми тыйым салынған жоқ. Бұл биліктің Франция секілді хиджабқа тыйым салуға қатысты мәселенің басын ашып алмағандығын көрсетеді.

Осы бағдарлама үшін сауалнамаға қатысқандар (олардың арасында хиджаб киген қыздар да бар) бұл киім үлгісі әркімнің өз ісі екенін және өзге адамдарға еш әсер етпейтінін, ал қате түсінікке бой алдырған мемлекет болса бұл мәселені шешумен айналыспауы керек екендігін жеткізді. Келесі бір пікір білдірушілер хиджабтың өзге ұлтқа тән екенін және Қазақстан дәстүріне қайшы келетінін айтып жатты.

Қазақ және орыс тілдеріндегі аудиобағдарлама Қазақстанның «КН» радиосында Норвегияның Сыртқы істер министрлігі қолдау білдірген IWPR жоба қызметінің аясында жарық көрді.

Women
Frontline Updates
Support local journalists