Қазақстандағы исламизм қаупі өсуде ме?

Қазақстандағы исламизм қаупі өсуде ме?

Residents of Taraz lay flowers at on of the locations where police officers were killed by a suspected Islamic militant. (Photo: Larisa Taranova)
Residents of Taraz lay flowers at on of the locations where police officers were killed by a suspected Islamic militant. (Photo: Larisa Taranova)

Алдын-ала исламист деп болжанып отырған адам ашқан Қазақстанның оңтүстігіндегі атыс сарапшыларға оның жалғыз әрекет еткені әлде аталған атыстың ауқымды жоспардың бір бөлігі болғандығы жайлы талдау жасауға негіз беріп отыр.

Мақсұт Қариев атты адам 12 қараша күні Тараз қаласындағы қару-жарақ дүкенін тонайды, екі аңшы мылтығын алып, күзетшіні және сол жерде кездейсоқ болған дүкеннің сатып алушысын өлтіреді. Осыдан кейін ол екі полиция қызметкерінің жанын қиып, екі табелді қаруды – Макаров пистолетін және Калашников автоматын өзімен алып кетеді.

Бұдан соң Қариев үйіне барып, гранатомет алып шығады. Аталған қарудан ол Тараз қаласы орталығы болып табылатын Жамбыл облысы бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің ғимаратына атады. Бұл атыстан ешкім зардап шекпейді.

Қолға түскенге дейін Қариев екі атты полиция қызметкерін жаралайды. Ал ол өзін-өзі жарар алдында тұтқындауға тырысқан полиция капитаны қаза табады.

Биліктің хабарлауынша, жалпы алғанда Қариев бес адамды және екі ҰҚК қызметкерін өлтірген. IWPR-дың болжауынша, бұл қару-жарақ дүкенін тонағанға дейін орын алған және ол өзіне бақылау жүргізіп жүрген арнайы қызмет органының екі қызметкеріне шабуыл жасаған (Оқыңыз Таразды сенбілік атыс дүр сілкіндірді.)

Қазақстан Бас прокурорының орынбасары Нұрмұханбет Исаев 34 жастағы Қариевтың «жиһадтықтың ерушісі» болғанын мәлімдеді.

Биліктің айтуынша, Қариев өз бетінше іс-әрекет жасаған, алайда тергеу амалдары аяқталмай тұрып мұндай қорытынды жасауға ерте деуге болады.

Аталған инцидент соңғы жарты жылдың ішінде Қазақстанда болған осыған ұқсас оқиғалардың соңғысы болып отыр.

31 қазан күні елдің батысындағы Атырау қаласында екі жарылыс орын алды. 24 жастағы жергілікті тұрғын өзін-өзі жарып жіберді, ал екінші жағдайда қоқыс контейнерінде жарылыс болды. Ол кезде ешкім зардап шекпеген болатын.

Қаза болған жергілікті тұрғынға қатысы бар деген күдікпен үш адам тұтқынға алынды. Тергеу Атырауда болған оқиғаның Ауғанстан мен Пәкістан шекарасында орналасқан деп болжанатын «Жунд әл-Халифат» («Халифат сарбаздары») деп аталатын ислам радикал тобына қатысы бар екенін ашып көрсетті.

Мамыр айының ортасында Қазақстанның батысындағы ҰҚК департаментінде 25 жастағы тұрғын өз-өзін жарып жіберді. Бұл оқиға Қазақстандағы өз-өзін өлтіруші жүзеге асырған алғашқы лаңкестік акт деп саналды.

Ақтөбе, Атырау және Тараз қалаларында орын алған қылмыстардың өзара байланысы анықталмағанымен, исламистер тарапынан туындайтын қауіп Қазақстанды – бұрын-соңды мұндай іс-әрекеттермен кездеспеген елді алаңдатпай қоймайды.

IWPR «Эксперт-Казахстан» журналының саяси редакторы Николай Кузьминнен Қазақстанда болған қылмыстардың экстремистік қызмет аясына кіру-кірмеуі жайлы талдау жасап беруіне сұрап, сұхбат құрған болатын.

Николай Кузьмин: Халықаралық терроризмнің вертикалды иерархиясы жоқ желілік құрылым екені баяғыдан белгілі. Тіпті Әл-Қаиданың өзінде Пәкістанда, Суданда, Индонезияда орналасқан бөлімшелері бір-бірімен байланыс ұстамайды. Бірақ, олардың ортақ идеологиясы бар, жоспарларын орындауда ұқсас әдістерді қолданады.

Бұл жерде де соны көреміз. Егер Қазақсанда лаңкестік ұйымдастыратын орталықты табуға әрекет жасалса, ол тығырыққа тірелер еді, себебі ондай орталық жоқ. Алайда болып жатқан төтенше жағдайлардың ортақ тұстары көп екені сезіледі.

IWPR: Бұған дейін Қазақстанның батысында болған жарылыстарға қарағанда аталған оқиғаның оңтүстікте орын алған алғашқы жарылыс болуы қаншалықты маңызды?

Кузьмин: Экстремизм ел бойынша қандай да бір орталықтан тарамайды. Бұл – лаңкестік оқиғалар санының артуы. Және ол Қазақстанның батыс бөлігінде айрықша байқалады. Мен батыс қазақстандықтар оңтүстіктегі отандастарына қарағанда эктремистік идеяларға берілген деп ойламаймын. Лаңкестік кез келген қалада орын алуы мүмкін, бұл жерде аймақтық ерекшелік деген жоқ.

IWPR: Неге дәл қазір билікке ашық қарсылық туындап отыр, бұл немен байланысты?

Кузьмин: Соңғы жылдары Қазақстандағы радикалдар өзге елдердегі мүдделестерімен байланыс орнатты. Ол жақтардан да діни белсенділер елге келіп жүрді, ортақ тіл табысты, осылайша түрлі топтар құрылды. Бұл тек бір ғана топ емес екені анық. Кейде тіпті мұндай топтар аяқ асты да құрылып жатады.

Қазақстан лаңкестікке қарсы халықаралық күресті қолдады, өз позициясын нақты іс-әрекеттер арқылы бекітіп отырды. Осыған байланысты радикалдар бзді «жау мемлекеттер» тізіміне қосты.

Шығысқа қараңыз. Лаңкестік әрекеттер Қытайда, Үндістанда, Пәкістанда, Иранда, Түркияда, тіпті Жапонияда да ұйымдастырылады. Ал Ауғанстанда күн сайын болады.

Қазақстан осы тізімге кірмейтін елдердің қатарынан шықты.

IWPR: Қазақстандағы экстремизмды қалай сипаттаса болады?

Кузьмин: Жалпы алғанда экстремизм дегеніміз бір адамның немесе адамдар тобының сыртқы факторларға білдірген реакция формасы. Лаңкестік екеуі бір емес, себебі террорлық іс-әрекеттердің ең соңғы формасы болып табылады. Ішкі проблемалар, отбасылық, қоғамдық мәселелерге деген реакцияның полиция қызметкерлерін өлтіру, жарылыс құрылғыларын пайдалану, өз-өзін жару секілді іс-әрекеттерге айналуы - лаңкестік. Біз елдегі экстремизмның қатігездік жағдайында өскен жастардың түйткілді мәселелерінің жиналуы ушықтырып отырған лаңкестікке айналып келе жатқанын көріп отырмыз.

IWPR: «Халифат сарбаздары» лаңкестік жиһадтық тобының түр-кейпіне қарасаң ұйымдасқан үлкен топ емес екенін байқаймыз, оның үстіне олар Қазақстанда орналаспаған және өздері көрсеткісі келетіндей күш-қуатқа ие емес.

Кузьмин: Бұл топтың да, сонымен қатар өздерін Алла сарбаздары, ислам жауынгерлері және тағы басқалай атай беретін өзге де топтардың да нағыз қауіп төндіретінін шамалы. Алайда олар келтіретін шығынның көлемі үлкен. Олардың мақсаты қарсыласының ерік-жігерін құм қылу, қорқыныш ұялату. Қатарларының аздығына қарамастан, олар өз дегендеріне жетіп отыр .

Желілік құрылым лаңкестерді өмірге бейім қылуда. Себебі бес адамнан тұратын мыңдаған автономды топты құрықтау 50 адамнан құралған бір орталықталған ұйымды қолға түсіруден әлдеқайда қиын.

IWPR: Сіздің ойыңызша, билік мұндай жағдайларда қандай қадамға баруы керек?

Кузьмин: Бақылауды күшейтіп, дұрыс қимылдарға бару керек және мұным антитеза емес. Менің ойымша, лаңкестердің ығына жығылып, оларды «ашуландырмау» мақсатында іс-әрекеттерге бару ең бұрыс қайтарылған жауап болады...

Өз-өзін «Аллах Акбар!» деп өлтіретін адамның ұстанымы мен біреуді терісінің түсіне бола өлтіретін адамның позиция екі бөлек. Бірақ, түптеп келгенде екеуі де экстремистер.

IWPR: Тараздағы жарылыс биліктің ісі, олар мұны басқа проблемалардан елдің назарын бұрып әкету үшін халықты лаңкестік қаупімен қорқыту мақсатында жасап отыр деген пікірдегі кейбір сарапшылардың сөзіне қатысты не айтар едіңіз?

Кузьмин: Мұндай пікірлерді лаңкестік іс-әрекет жасалған барлық елдерде айтады. Конспирологиялық теориялардың жақтаушылары әрқашан табылады. Мен бұл қатарға жатпаймын. Билікте есі ауысқандар емес, рационалды түрде ойлайтын адамдар отыр.

Сұхбатты Қазақстандағы IWPR редакторы Алмаз Рысалиев дайындады.

Conflict
Support our journalists