Александр Кельчевский: адам құқығы саласында физика заңдылықтарына орын жоқ

Александр Кельчевский: адам құқығы саласында физика заңдылықтарына орын жоқ

Friday, 8 January, 2010
-ның төрағасы деген лауазымға ресми түрде ие болады. Бұл оқиғаның атағының айқындығына қарамастан, Қазақстандағы адам құқығына байланысты шынайы жағдай төңірегінде айтыс әлі де жалғасып келеді.



Төрағалықтың мәселелері, үміт етері мен шикі тұстары жайында Астанадағы ЕҚЫҰ Орталығының басшысы Александр Кельчевский әңгімелеп берді.



IWPR: Заң саласындағы кейбір іс әрекеттерге (Интернетті қадағалау туралы заң, жеке өмір құпиясы туралы заң және т. б.), іс барысында заң бұзушылықтар болған бірнеше сот ісіне (Евгений Жовтистің ісі, Рамазан Есергеповтың ісі, Мұхтар Жәкішевтің ісі, т. б.) қарағанда Қазақстанның Мадрид міндеттемелерін орындай алатынына күмән туады..



Александр Кельчевский: Бұл жерде жағдай сәл басқашалау. Мадридте ЕҚЫҰ-ның басқа мүше-мемлекеттеріне сіздердің ел болашақта өз бағытын реформалау, демократияландыруда ұстанамыз деген ниетін жеткізді. Жекелеп алғанда сол кездегі сыртқы істер Министрі Марат Тәжин мырза ҚР Үкіметінің алға жылжитын төрт саласын атап көрсетті, олар: сайлау туралы заң, саяси партияларды тіркеу туралы заң, БАҚ туралы заң және жеркілікті өзін-өзі басқару органдарын реформалау.



Үкімет өткен жылы-ақ осы мәселелер бойынша ұсыныстар әзірлеп Парламенттің қарауына жіберген болатын. Парламент оларды мақұлдады. Өзгертулер осы жылдың басында, яғни Қазақстанның ЕҚЫҰ-на төрағалық етуіне шамамен бір жыл қалғанда күшіне енді. Бұл елдің саяси дамуында белгілі бір қадамдарға барғандағын көрсетеді және бұл даму тұрақты әрі нәтижелі түрде жалғасын табады деп үміттенемін.



IWPR: Сіздің ойыңызша, Қазақстан ЕҚЫҰ-на мүше ел, ал бірнеше күннен кейін төраға ретінде осы ұйымның талаптарына лайық па?



Кельчевский: Қазақстан – ЕҚЫҰ-на толыққанды, басқа елдермен терезесі тең мүше. ЕҚЫҰ-на еуро-атлантикалық кеңістікте жатқан, бір ауыз сөзбен айтқанда «Ванкуверден Владивостокқа дейінгі» елдер кіреді. Бұл ұйымның басты қызметі – мүше-мемлекеттердің жалпы қабылданған ұстанымдар мен міндеттелерді дамытуы мен жүзеге асыруының деңгейіне қарамастан олардың арасындағы саяси диалог алаңына айналу, бұл бүкіл ЕҚЫҰ кеңістігінде өзара түсінушілік пен үлкен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатына бағытталады.



IWPR: Сіздің ойыңызша Қазақстанға адам құқығын қадағалау бойынша өз міндеттерін орындамауға не бөгет? Мәселенің тамыры неде?



Кельчевский: Сіз айтып отырған процестер – күрделі. «Механикалық» тұрғыдан бұл мәселеге қарауға болмайды. Бұл жерде физика заңдылықтарына орын жоқ. Бұл процестер ұзаққа созылады және оған тек үкімет қана емес, қоғам да жауапты.



Мысалға сот жүйесін алыңыз. Осы сот жүйесінің репрессиялық сипатқа ие, пост-тоталитарлық менталитеттен адамгершілік сипаттағы менталитетке өтуіне қанша уақыт қажет, кім айта алады? Бұл мемлекеттік саяси ерік-жігер мен қоғамның жалпы бетбұрысына байланысты. Сондықтан бұл жерде БАҚ-ның рөлі өте маңызды, сонымен қатар мектептер мен ЖОО-да жүргізілетін тәрбиелік жұмыстардың да маңызы зор.



IWPR: Сарапшылардың айтуынша, біздегі түйткілді мәселелердің себебі – құқықтық нигилизмнен, құқықты пайдаланудағы тәжірибенің аздығынан. Қазіргі жағдайда мұнымен қалай күресуге болады? Адамдардың заңға сеніп, өз құқықтарын қорғауға көшуі үшін не істеу керек?



Кельчевский: Менен керемет күтпеңіздер. Әлеуметтанушылар жақсы біледі, сіз айтып отырған процестер ұзаққа созылады. Және толық сенімге ие болған жағдай әлемде мүлде болған емес.



Бәрі бірден бола қоймайды, бірте-бірте жүреді, ал сіздердің ел демократиялық, транспарентті және әділетті қоғамға енді-енді бет бұрып келе жатыр. Сонымен қатар, көрші елдердегі, аймақтағы, посткеңестік кеңістіктегі жағдайды да ескеру қажет.



Тағы бір айта кетер дүние, ол – көптеген мәселелердің өзара байланысы және біреуінсіз бірінің шешілмеуі. Осы жағынан алып қарағанда белгілі бір қадамдардың болуы билік жүйесінің ауысуы жүйесі орын алған кезде болады, мысалы көршілес Ресейдегі секілді, және ол бір емес бірнеше рет болуы тиіс..



IWPR: Сіздің ойыңызша Қазақстанда адам құқығының ішінде ең көп бұзылатыны қайсысы?



Кельчевский: Бұл жерде қандай да бір статистика келтіру қиын. Мәселе бір қарағаннан күрделі және негізінен оған жүйелік сипаттама тән. Бір айта кетерлігі, бұл кез келген елде бар. Сондықтан да біздің Орталық мемлекеттік құрылымдардың ҮЕҰ-мен, азаматтық қоғаммен бірлесіп жұмыс жасап жатқан ықылас-бастамаларына қолдау көрсетеді.



IWPR: Шамамен бір жыл бұрын Сіз Қазақстанда азаматтық қоғам енді-енді қалыптасып келе жатыр деген едіңіз. Қазір Қазақстанда ҮЕҰ-дың қызметі қаншалықты тиімді, Сіздің пікіріңіз қандай?



Кельчевский: Иә, азаматтық қоғам енді қалыптасып келе жатыр, бірақ ол күн өткен сайын нығая түсуде. ҮЕҰ-дың үні де бірте-бірте қаттырақ шығып келе жатыр. Менің ойымша, ҮЕҰ-дың өздері де қоғамда сенімге ие болып, кәсібиліктерін арттыруда. Ал азаматтық қоғам дегеніміз елдің «айнасы», мемлекеттің қайта түлеу жолындағы қозғаушы күш, ел демократиялық құрылымның негізгі құраушысы.



IWPR: Мемлекеттік құқыққорғау құрылымдарының іс-әрекетіне Сіз қандай баға бере едіңіз, мысалы, адам құқығы бойынша Ұлттық комиссия, омбудсмен және басқалар?



Кельчевский: Өзіңіз білетіндей, адам құқығы бойынша Ұлттық комитет ҚР-да адам құқығын дамытуға арналған негізгі стратегиялық құжаттардың бірін дайындап шығарды, ол – 2009-2012 жылдарға арналған ҚР-дағы адам құқығы саласындағы іс-әрекеттердің Ұлттық жоспары.



Омбудсмен жыл сайын есеп береді және баяндама жариялайды. Өткен жылға дейін бұл құжат тек қазақ және орыс тілдерінде шығып келді. Біздің Орталық оны кең тарау мақсатында ағылшын тіліне аударуға кеңес берді. Аударманы біз қаржыландырдық, бірақ бұл омбудсмен мандаты қызметін кеңейту жолындағы үлкен жоспарлардың тек кішкене қадамдары ғана. Біз келесі жылы осы бағытта жұмыс жасамақпыз.



IWPR: ЕҚЫҰ-на төрағалық ету Қазақстандағы адам құқығы жағдайын жақсартуға өз әсерін тигізе ала ма?



Кельчевский: Егер Сіздер ол жағын қарастырсаңыздар, онда – иә. Ал егер, осы төрағалықтан немесе өзге бір қандай да халықаралық ұйымнан күтіп отыра берсеңіздер онда – жоқ.



IWPR: Адам құқығы жөніндегі Халықаралық пактінің хаттамасын ратификациялауды ЕҚЫҰ-на төрағалық етумен де байланыстыратын пікірлер бар. Сіз бұл туралы не ойлайсыз? Жалпы Қазақстанның төрағалығы қаншалықты маңызға ие? Көптеген адамдар бұл қадамды имидждік акция деп те атайды ғой...



Кельчевский: ЕҚЫҰ Қазақстанның азаматтық және саяси құқық, экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқық жайындағы Халықаралық пактіні ратификациялауын бір емес бірнеше рет қолдады. Бұл екі құжат адам құқығын қорғау бойынша халықаралық құралдардың негізгісі болып табылады.



Ратификациялау немесе елдердің оларға қосылуы мемлекеттің адам құқығын қамтамасыз ету мен қорғаудағы халықаралық нормалар мен ұстанымдарды орындауға ықыласын анық білдіреді. Қазақстанның пактіге қосылуы халықаралық аренадағы, оның ішінде ЕҚЫҰ-на мүше-мемлекеттер арасындағы Қазақстанның имиджіне оң әсерін тигізгені сөзсіз.



Алайда, Қазақстанның бұл екі құжатты ратификациялағанына дейін, Қазақстан Үкіметінің, халықаралық ұйымдардың, азаматтық сектордың ұзақжылдық жұмысының болғандығын атап өту қажет. Барлық жақтың талпынысы Қазақстанның 2010 жылы ЕҚЫҰ-на төрағалық етуіне дейін көп уақыт бұрын байқалған еді.



Пактілерді ратификациялау - дамудың табиғи түрі, елдің осы саладағы халықаралық міндеттерді өз мойнына алудағы белгілі бір деңгейге жетуінің көрінісі. Менің ойымша, қазір Қазақстанға Пактілерде көрсетілген халықаралық стандарттарды мемлекет ішінде жүзеге асыруға көмектесуге баса назар аудару керек.



IWPR: Осы жылдың қазан айынан бастап қазақстандықтар БҰҰ-ның адам құқығы жөніндегі Комитетіне хабарласа алады, ал әйелдерге қатысты дискриминацияны жою бойынша Комитеттен көмек сұрай алатындығымызға 8 жылдан асты. Бірақ Қазақстаннан бірде-бір шағым түскен жоқ. Бұл Сіздің ойыңызша, немен байланысты?



Кельчевский: Менің ойымша, Қазақстан азаматтарының әйелдерге байланысты дискриминацияны жою бойынша Комитетке шағымданбауының екі себебі бар.



Біріншіден, Қазақстан ғана емес, өзге де елдерде де дискриминация фактісін дәлелдеу оңай емес, ал нақты сот ісіне ұластыру тіпті де қиын. Қазақстан заңнамасында соңғы уақытқа, нақтырақ айтқанда «Ерлер мен әйелдердің тең құқығы мен мүмкіндіктеріне деген мемлекеттік кепіл» және «Тұрмыстық жәбірлеудің профилактикасы жайындағы» заңдарға дейін «дискриминация» деген ұғым мүлде болмады.



Екіншіден, қоғамның ділі мен осы мәселеге байланысты ұғым-түсінігін де естен шығармаған дұрыс. Алайда, менің білуімше, 2008 жылы ЕҚЫҰ-ның Астанадағы Орталығы бақылауына алған тұрмыстық жәбірлеу бойынша Комитетке шағым дайындалып жатыр



IWPR: Жақында Халықаралық адам құқығын қорғау Федерациясы Қазақстанға босқындар мен мигранттардың құқығын бұзды деген айып тақты. Сіздің ойыңызша бұл ЕҚЫҰ-на мүше-мемлекеттердің Қазақстанға деген қатынасына әсер ете ме?



Кельчевский: Халықаралық адам құқығын қорғау Федерациясының Қазақстандағы (және Қырғыз Республикасында) еңбекте жүрген мигранттар мен босқындар жағдайы туралы есебі мен ұсыныстары Қазақстан үкіметінің назарын мигранттар мен босқындар құқығын қамтамасыз ету мәселесіне аудартуға бағытталған.



Біз БҰҰ-ның босқындар мәселесі бойынша Агенттігі мен миграция бойынша Халықаралық ұйым секілді бірсалаланған ұйымдармен қоян-қолтық қызмет жасап, жағдайды оң бағытқа бұруға үміттенеміз.



Халықаралық сахнада мемлекеттер арасындағы қарым-қатынас ұзақжылдық негізде құралатынын тағы бір рет естеріңізге сала кеткім келеді.



Сондықтан, Сіз бен Сіздердің оқырмандарыңыздың назарын келесі бір дүниеге аударғым келеді: ЕҚЫҰ-на мүше-мемлекеттер үшін ең бастысы – Қазақстанның осы ұйымға 2010 жылы сәтті төрағалық етуі. Бұл біздің ұйым үшін және оның негізгі мақсаттарын жүзеге асыру үшін маңызды: ол – қауіпсіздікті қамтамасыз ету және екіжақты қарым-қатынасты дамыту.

Frontline Updates
Support local journalists