Өзбекстанда қамауға алынған қазақстандықтарды босатып алу үшін туған-туыстары зыр жүгіріп жүр

Өзбекстанда қамауға алынған қазақстандықтарды босатып алу үшін туған-туыстары зыр жүгіріп жүр

Tuesday, 7 July, 2009
27 азаматтарды бостандыққа шығару үшін іс-әрекеттер қолданылуына бір жарым ай уақыт қажет болды.



Ақпан айының соңына таман Қазақстанның 34 азаматтары Ақтөбе қаласынан жеңіл және ауыр жүк машиналарымен көршілес жатқан Маңғыстау облысына табыс табу үшін жүріп кеткен.



Қатты қардың жаууына және колоннаның демаркациялық линиясының жоқтығына байланысты олар жолдан адасып көршілес Өзбекстан еліне өтіп кеткен. Оларды сол жерде-ақ қарулы шекарашылар қарсы алып, колонна бойынша оқ жаудырған. Алты жолаушылары бар жүк автомобилі қудалаудан қашып кеткен, ал қалғандары қамауға алынған.



Бір жарым ай бойы олар Өзбекстанның солтүстігінде орналасқан, Қарақалпақстан Республикасының астанасы, Нукус қаласындағы тергеу абақтысында қамауға алынған.



Олар Өзбекстан территориясына заңсыз кіргендері және кеден заңын бұзғаны, сонымен қатар ұрлық үшін айыпталып отыр.



Бұндай жайттар – қазақ-өзбек шекарасында бірінші оқиға емес, бірақ та бұрын соңды осындай көп мөлшерлі адамдардың қамауға алынуы бірінші рет.



Сәуір айының басында ұсталғандардың туған-туыстары олармен кездесу үшін әрекет жасаған болатын. Бірақ та Өзбекстанның прокуратура және қауіпсіздік қызметкерлері оларға рұқсат бермеген, тіпті азық-түлікті беруге де тыйым салған.



Ұсталғандардың туысы Жібек Жаянованың айтуынша, олар 27 ұсталғандардың 15-нің ғана қамауға алынған жерлері белгілі екен. Ал қалғандарының қайда екендері белгісіз,- дейді. Міне, содан бастап олардың туыстары Қазақстан биліктерінен нақты әрекеттер етуді талап ете бастады.



Олар Өзбекстандағы Қазақстанның елшісі Бауыржан Кеукеновпен кездесіп, тек 10 сәуірде ол ұсталғандармен кездесіп, туыстарына олардың жағдайлары жақсы екендігін жеткізген.



«Соған сенгіміз-ақ келеді, өйткені біз ештеңе білмейміз,- дейді ұсталғандардың біреуінің әйелі Шынар Күлегенова. – Міне екі ай өтті. Біз оларды көріп, қандай жағдайда екендігіне көз жеткізуіміз қажет».



Қазақстанда осы ұсталғандардың отбасылары белсенді әрекеттер жасады. Ақтөбе облысының ұлттық қауіпсіздік Комитеті және ішкі істер департаменті, миграциялық полиция, облыстық прокуратурадан көмек сұрағаннан ешқандай да нәтиже болмай шықты. Сонда 17 сәуір күні сол азаматтардың туған - туыстары Ақтөбе қаласындағы ұлттық қауіпсіздік Комитетінің облыстық департаменті (ҰҚКОД) мекемесінің жанында ереуіл жасады.



ҰҚКОД-ның қызметкерлері олардың туыстары басқа елде қамауда екендігін айтып, көмектесе алмайтындықтарын айтқанда, олардың туыстары облыстық әкімшіліктің жанында ереуілді жалғастырды деп Atyrau-news басылымы жариялады.



Сонымен қатар, ол адам құқықтары және заңды сақтау жөніндегі Қазақстандық халықаралық бюроның филиалдарынан көмек сұраған, олар туындаған мәселе туралы сәйкестендірілген министрлікке және БАҚ-на жеткізген.



«Біз Бас прокуратураға және Қазақстан Республикасының Сыртқы істер Министрілігіне сұрау салдық, өйткені, Қазақстан мемлекеті Қазақстан Республикасының Ата Заңының 11 бабына сәйкес өз азаматтарын басқа мемлекеттердің территориясында қорғауға және қамқорға алу бойынша кепілдеме беретіндігі көрсетілген»,- дейді адам құқықтары және заңды сақтау жөнінідегі Қазақстандық халықаралық бюро филиалының директоры Анар Ибраева.



Мемлекеттік телеарналарда болған жағдайлар жайлы ақпараттарды көрсеткеннен кейін ғана ұсталғандардың туыстары Бас прокуратураның және Қазақстан Республикасының Сыртқы істер Министріліктермен, парламент депутаттарымен кездесуге мүмкіндіктері болды.



Қазақстан Республикасының Сыртқы істер Министріліктерінің өкілдері бұл азаматтардың қасақана шекарадан өтпегендігіне сенімді. Бірақ та өзбек әріптестері келісімге келмей, бас тартып отыр.



«Болған жайт жөнінде Өзбекстанның мемлекеттік органдарынан ресми растау келген жоқ, - дейді дипломатиялық ведомстваның пресс - секретары Ильяс Омаров. – Біз Өзбекстан елшілігінің жауабын күтудеміз, содан барып брифинг өткіземіз. Ал бұдан басқа бізде ешқандай ақпараттар жоқ».



Өзбекстандағы Қазақстан елшісі Кәукеновті ауыстырған Бабур Дауренбек Нукус қаласында бір аптадай болып ұсталғандармен кездесу ұйымдастыра алмады. Ол ресми протест дайындап, өзбек биліктерінің неліктен бас тартқандығы жөнінде түсіндірме беруді талап етті.



Нукус қаласында тергеу абақтысында жатқан ағасы бар Жанар осы жаңалықтан кейін көңіл күйі түсіп кетті.



«Бізде үміттенетін үміт те қалмады. Егер де ол жерге ресми түрде азаматтарды жібермесе, онда біздің ешқандай да көмегіміз тимес, - дейді ол. – Біздің қорғаушымызды жібермейді, тек өзбек қорғаушысын жалдауды талап етіп отыр».



Жанар өз тегін атаудан бас тартып, ұсталған туыстарын жіберу үшін облыс әкімі Едеусін Сағындықовпен кездесіп, ел басы Нұрсұлтан Назарбаевқа өтініш жіберуді сұраған болатын.

Frontline Updates
Support local journalists