Қазақстанда дін туралы жаңа заңға байланысты пікірталастың аяғы көрінбей тұр

Қазақстанда дін туралы жаңа заңға байланысты пікірталастың аяғы көрінбей тұр

Wednesday, 2 November, 2011

Дін туралы жаңа заң Қазақстанда қызу пікірталас туғызды. Заңды сынға ұшыратқандар мұндай қадамды діни сенім бостандығынан алшақтай түсудің көрінісі деп санаса, жақтаушылар елдегі саны көп діни топтар реттеуді, бақылауды қажет етеді деген ойда.

25 қазан күні күшіне енген заң тіркеуден өткені бар, өтпегені бар – барлық діни ұйымдардан ресми тіркеуге тұруын және олар пайдаланатын әдебиетті тексеруден өткізу үшін үкіметке беруін талап етеді. Заңның дау тудырған тұсы діни ғұрыптарды мемлекеттік мекемелерде, оның ішінде әскери мекемелерде, бас бостандығынан айыру орындарында, мектептерде және университеттерде, сонымен қатар үкіметтік мекемелерде жасауға тыйым салады.

Мұнымен қатар, заңда қауымдық діни іс-әрекеттер ресми түрде бекітілген арнайы орындарда өткізілетіндігі және бейресми құлшылық үйлері мен өзге де орындар жабылатындығы көрсетілген.

Шенеуніктер жаңа заң діндар мұсылмандарға, христиандарға және басқаларға қысым көрсетуді мақсат етіп қоймағанын айтып, дәлелдеуде. Дін істері агенттігінің төрағасы Қайрат Лама Шарифтың сөзіне қарағанда, заң мемлекеттің зайырлылығын сақтауға және жалпы саны 4 500 дерлік болатын қазақстандағы діни ұйымдарды реттеуге бағытталған.

«Ұлт тағдыры» қозғалысының басшысы Дос Көшім құлшылық қылу орындарын шектеу идеясына қарсы, себебі мешіт пен шіркеуге баруға кез келген адамның мүмкіндігі жоқ.

Алматыдағы Кришна санасы қоғамының басшысы Галина Галаус заңның діни ұйымдардың өмірін қиындатып жібере ме деген өз қаупін білдірді. Заңда дін ұйымдардың ұлттық деңгейде тіркелген топтар мен аймақтық деңгейде рұқсат алған топтар болып бөлінуіне байланысты аймақтық ғибадатханаға барып жүретін Алматыдағы Кришна қозғалысының ерушілері миссионер болып саналуы мүмкін (бір топтан екінші топқа өтетін), ал бұл қосымша рұқсатты қажет етеді.

Дін мәселелері бойынша сарапшы Артур Артемьев билік діни экстремизмның алдын алуға тырысып жатқан кезде, заңның кесірінен пайда болатын бюрократиялық кедергілер елдің өз дінінде жасырын іс-әрекеттерге баруын одан әрі арттыра түседі деп санайды. «Менің ойымша, заң өз идеясына қарама-қайшы келеді», - деді Артемьев.

Адам құқығы және бостандығы бойынша жалпы республикалық коалицияның өкілі Марат Ілияс аталған ұйымға Қазақстанның түрлі аймақтарынан сақалды ер адамдар мен хиджабтағы әйел адамдарды полицияның қысымға алып жатқаны туралы көптеген телефон қоңырауы келіп түсіп жатқанын жеткізді. Мұндай адамдарды жиі тоқтатып, саусақ таңбаларын алады екен. Орамалын шешуден бас тартқан оқушы-қыздарды мектепке кіргізбей де жататын көрінеді. Оның сөзіне қарағанда, мұндай оқиғалар бұрын да кездеіп отырғанымен, жаңа заң қабылданғалы бері жағдай ушығып кеткен.

Аудиобағдарлама «Азаттық»/»Азат Еуропа» радиосының қазақ қызметінде, Азаттық радиосында Норвегияның Сыртқы істер министрлігі қолдау білдірген IWPR жоба қызметінің аясында жарық көрді.

Frontline Updates
Support local journalists