Қазақстан: құқыққорғаушыға жазасын түрмеде өтеуге үкім шығарылды
Қазақстан: құқыққорғаушыға жазасын түрмеде өтеуге үкім шығарылды
Аталған ұйымдардың кейбірі құқыққорғаушыға жаяу жүргіншіні қағып кетті деген кінә тағылып отырған Жовтис ісі бойынша айыптаушылар қатаң жазаға мақсатты түрде қол жеткізді және олар мұндай қадамға саяси себеппен, Жовтистің беделін түсіру, шеттету үшін барды деп есептейді. Билік өздеріне тағылған сот процесіне араласты деген айыпты мойындамай отыр.
Адам құқығы және заңдылықты сақтау жөніндегі халықаралық қазақстандық бюроның директоры Жовтис 26 шілдеде Қанат Молдабаевты қағып кетті деген айыппен 2 қыркүйек күні сот алдына шақырылды. Қанат Молдабаев жол-көлік апатынан кейін қаза болған еді.
Сот отырысының екінші күні аяқтала бере құқыққорғаушыға автокөлікті абайсыз айдауының салдары қайғылы оқиғаға соқтырды деген айып тағылып, жазасын жалпы колонияда өтеу жолымен 4 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды.
Айыпқа айыпталушының жол-көлік апатын болдырмауға техникалық мүмкіндігі болды деген дәлел негіз болып отыр.
Сотта прокурор Алтай Жәнібеков айыптаушы жақтың жазаны жеңілдетуге ешқандай негіз таппағанын және сотта келтірілген фактілердің шындыққа сай келетініне «еш күмәннің жоқтығын» мәлімдеді.
Жовтистің қорғаушылары бірқатар заң бұзушылықтардың болғанын және осыған байланысты іс жүргізуді жарамсыз деп есептеу керектігін мәлімдеді.
Олардың сөзіне қарағанда тергеушілер тергеудің басында, екі апта бойы Жовтиске оның куәгерлердің қатарынан күдіктілердің қатарына ауысқанын айтпаған.
Алматыдағы Хельсинки комитетінің төрайымы Нинель Фокина бұл істің ең басты тұсы Жовтисті оның күдікті ретінде пайдалана алатын сараптаманы талап ету, іс материалдарымен танысу құқықтарынан айырған.
Қорғаушы жақ айыптаушы жақтың автомобильге жүргізілген сараптама нәтижелеріне негізделген дәлелдеріне қарсылық танытты. Сараптама нәтижелері бойынша жүргізуші жаяу жүргіншіні қағып кетпеуге техникалық мүмкіндігі болған. Сот Құлан Толқынов олардың дәлелдерін қайтарып тастады, сонымен қатар тәуелсіз сараптама жүргізуге рұқсат етпеді.
Жовтисті жақтаушылар тергеушілер мен соттың қаза тапқан Молдабаевтың анасының арызын қарастырмағандарына алаңдаушылық білдіруде. Арызда Жовтистің моральді және материалды шығынның орнын толтырғанына байланысты оған қарсы қылмыстық істің жүргізілмеуі сұралған.
Қазақстан Республикасының ішкі істер Министрлігінің жол полициясы комитетінің бұрынғы басшысы Өмірзақ Түсімов мырзаның «Время» газетіне берген сұхбатында жапа шеккен жақтың аталған арызының маңыздылығын атап көрсетті, себебі заңда екі жақ татуласқан жағдайда, айыпталушының қылмыстық жауапкершіліктен босатылатындығы көрсетілген.
«Мұндай жағдай бізде кездеседі», - деді ол.
Жовтистің құқығын қорғау мақсатында құрылған жаңа комитетті басқарушы журналист Сергей Дуванов: «Тергеушіге бұл құжаттың Жовтистің пайдасына қызмет етеді деген сеніммен берілгеніне қарамастан, ол істен оны алып тастады», - дейді.
Жергілікті БАҚ соттың қаза тапқан жігіттің басқа туыстарының кінәліні жазалауды талап етуіне байланысты істі қайта қараудан бас тарқаны жайында хабарлады.
Шығарылған шешім мен жаза мерзімі құқыққорғаушылардың үлкен қарсылығына тап болды, олар билік бұл сот процесін сасяси мақсатта пайдаланып кетті деп санап отыр.
«Тергеу бұл қайғылы оқиғаны Жовтисті оның 20 жылдық құқыққорғау қызметі үшін жазалау мақсатында пайдаланып кетті», - деді құқыққорғаушының жақтастары сот үкімі жария етілгеннен кейін келесі күні.
«Үкімді мен әділетсіз, Жовтистің құқыққорғау қайраткерлігінің қарымын қайтаруға ұмтылу деп бағалаймын, - деді Дуванов. – Өте ұят сот ісі болды – қазақстандық әділ соттың масқарасы».
Сотта Жовтис соңғы сөзден бас тартты, бірақ, оған дейін ол журналистерге: «Күш көрсету мен заңның жоқтығы барлық шешімнің Астанада [ел астанасы] қабылданып, сараптама органдарының айыптау мақсатында жұмыс істеуінің айқын көрінісі», - деді.
Халықаралық құқыққорғау ұйымдары істің жүргізілуіне қарсылық білдіргендерге дереу қолдау танытты. Нью-Йоркте орналасқан Хьюман Райтс Вотч (Human Rights Watch) ұйымының айтуынша «істің жүргізілуі сот процесінің негізгі әділетті стандарттарына сай келмеді».
Аталған ұйымның Еуропа мен Орталық Азиядағы қызметкері Андреа Берг (Andrea Berg) «Соттың қорғаушы жақтың келтірген дәйектеріне құлақ асқысы келмеуі – бұның әзірленген саяси процесс екенінің белгісі», - дейді.
Хьюман райтс Вотчтың мәлімдемесінде үкімнің Қазақстанның келесі жылы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық Ұйымына (ЕҚЫҰ) төрағалық етуіне байланысты елдегі адам құқығы жағдайы ерекше бақылауға алынған кезде шыққаны атап көрсетілген.
«Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалық ету секілді маңызды рөл ойнауға дайын емесі анық», - деді Берг.
АҚШ-ның тағы бір ұйымы Фридом Хауз (Freedom House) сотты іс барысында жіберілген заң бұзушылықтарына мән беріп, іс аппеляцияға берілген кезде «істің Жовтиске қарсы оның атқарған жұмысы үшін кек алу мақсатында қолданылмауын» анықтауға шақырды.
«Қазақстанның келесі жылы аймақтағы адам құқығы тақырыбын қамтитын негізгі аймақтық ұйымға төрағалық ететінін ескерсек, бұл істің барысында әділ сотта қателік жіберілуі жағымсыз жайттарға әкеліп соғуы мүмкін», - деді аталған ұйымның Орталық Азия бойынша бағдарламалық үйлестірушісі Джефф Гольдштейн (Jeff Goldstein).
Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың саяси істер бойынша кеңесшісі Ермұхамет Ертісбаев атқарушы биліктің өкілі бола тұра сот шешімі жайында еш пікір айта алмайтынын жеткізді.
«Мен Евгений Жовтисті сыйлаймын, оны жақсы танимын», - деп өзінің жеке өкінішін білдірді.
Соған қарамастан, ол Жовтисті жақтаушыларды әділетсіз мәлімдеме жасады деп айыптады. Егер қысым болса, онда ол Жовтистің жақтаушыларынан болды.
«Сотқа өте үлкен қысым болды», - деді Ертісбаев.
«Жағдайды тек іс процесі арқылы шешуге болады. Егер сіздер пикеттер арқылы, оппозициялық басылымдарда осы істі қайта-қайта көтеру арқылы, халықаралық құқыққорғау ұйымдары арқылы шешуге болады десеңіздер, онда ол дұрыс емес», - деді ол сонымен қатар.
ЕҚЫҰ-на төрағалық ету жайында «Менің ойымша, бұл іс Қазақстанның Еуропадағы беделіне әсер ете алмайды» деп жауап берді.
Саяси оппозиция Жовтис ісін өз бақылауына алды, ал Коммунистік партия акциялар мен пресс-конференциялар өткізбек ниетін жеткізді, істі қайта қарауға талап ету мақсатында қол жинау басталды.
«Евгений Жовтис Қазақстан азаматтарына үшін олардың құқығын қорғау жолында өте үлкен істер атқарды», - деді Коммунистік партияның бірінші хатшысы Серікболсын Әбділдин.
«Бұл жағдайда бүкілхалықтық кешірім дұрыс болар еді», - деді ол.