Интернетке шектеу қою заңын парламент бекіткеннен кейін туындаған наразылықтар
Интернетке шектеу қою заңын парламент бекіткеннен кейін туындаған наразылықтар
«Интернетке қарсы цензура» аталуына ие болған бұл заң жобасын қабылдамауға парламентті сендіруде бірнеше мәрте жасалынған әрекеттер, еліміздегі парламенттің төменгі палатасы, яғни, Мәжіліс БАҚ-ы, ұлттық қауіпсіздік және коммуникация жөніндегі заңда Сенаттың қорытынды өзгерістер енгізгеннен кейін, яғни 24 маусым айында аяқталды.
Егер де бұл заң қабылданып жатса, онда баспа басылымдары мен хабар тарату құралдары бағынған заңдар да Интернетті қадағалайтын болады. БАҚ-ның материалдарында келесідей тақырыптарды жариялауға тыйым салынған: құпиялы істер болып табылатын мәліметтер, террорлық және экстремистикалық топтардың әрекеттерін үгіттеу, порнография және үкіметті құлатуға үгіттеу. Сонымен қатар, билік өз тарапынан шетел веб-сайттарындағы ақпараттар мен мәліметтер мемлекеттің заңына қарама-қайшы келсе, онда олар сол веб-сайттың жүзеге асуына шектеу қояды. Бұл жерде провайдерлерден өздерінің клиенттері жөнінде жеке ақпараттар талап етілуі мүмкін екендігін ескерген де жөн.
БАҚ-ның құқықтарын қорғау бойынша белсенділер, тілшілер және Интернет жүйесін пайдаланатындар заңға өзгерістер енгізбес үшін ұзақ уақыт бойы тапжылмай күресті. Олар «Интернет еркіндігі үшін» атты қоғамдық акциялар және арнайы кампаниялар жүргізді. ( Казахстан: кампания против ограничений в Интернете [Қазақстан: Интернеттегі шектеулерге қарсы кампаниясы] мақаласын оқыңыз, RCA № 578, 2009 жылдың 28 мамыры.)
2010 жылы Қазақстан төрағалық ететін Европадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық Ұйымы да бұндай өзгерістерге өз тарапынан қарсылығын білдірді.
Соңына қарай бұндай өзгерістерге келіспейтіндер қатаң интернет бақылауынан арылтатын бір ғана сенім, ол ел президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бұл заңға қол қоймауына сендіру ғана қалған еді.
26 маусым күні Қазақстандағы 12 үкіметтік емес журналистер ұйымдары ел президентіне аталған жобаның қабылдануына қол қоймау жөнінде өтініш хат жіберді.
«Парламент тарапынан қабылданатын заң...ЕҚЫҰ-ның алдында төрағалық ету кезінде Қазақстан имиджін Орталық Азиядағы демократиялық қайта өзгеруінің флагманы ретінде біршама төмендетеді, - делінген сол хатта. - Әлемдегі бірде - бір мемлекетте Интернеттегі ақпараттар бұқаралық ақпарат құралдары деп аталмайды. Тек тоталитарлы режимде өмір сүретін елде ғана Интернет сайттарына тыйым салынып, блокада жасалынады».
БАҚ-ның еркіндігі жөнінде сұрақтармен айналысатын ЕҚЫҰ-ның өкілі Миклош Харашти өзгерістер енгізілген заңға қол қоймау қажеттігіне осы хатты ел басы Нұрсұлтан Назарбаевқа келесі күні жібереді. Оның ойынша, сөз бостандығына шектеу қою Қазақстанның халықаралық стандарттар мен ЕҚЫҰ-ның алдында төрағалық ету кезінде оның міндеттеріне қарсы келеді.
24-ші маусым күні таңертең елуге шақты журналистер, оппозициялық партияның өкілдері Қазақстанның ірі мегаполисі –Алматы қаласында, Ұлттық пресс-клубтың алдында бұл заңның қабылдануына қарсы ереуілдер ұйымдастырды. Ереуілге шыққандар өздерінің қарсылықтарын білдіру үшін ауыздарына орамалдар байлап алды.
Ереуілді ұйымдастырушы адамдарға ереуілді өткізуге екі рет бас тартқан, сондықтан да олардың ереуілдері бекітілмеген болып есептеледі.
«Журналистердің республикалық күніне орай неліктен ереуіл жасауға рұқсат етімейді /28 маусым/ ? Қандай жағдайға жеткенбіз!» - дейді Калеева Тамара, «Әділ Сөз» сөз бостандығын қорғау халықаралық қорының жетекшісі.
Қазақстандағы журналистер «жосықсыз, екі талай жағдайда» дейді ол. БАҚ-ның күйреуі, жала жабудағы қылмыстық айыптаулар, қаншама сот алдындағы талаптар - бұның барлығы жоғарыдағы жағдайды растайды деп қынжылады ол.
«Журналисты в беде» қорының жетекшісі, БАҚ-ның құқықтарын қорғау бойынша ірі белсендінің бірі Розлана Таулинаның айтуынша, Интернет бостандығына шектеу қою медиа заңды жою жөніндегі жалпы жоспардың бір бөлігі деп санайды.
«Біздің ел прессаны үгіттеушілік, иедологиялық органға айналып келе жатыр»,- дейді ол.
Басылым БАҚ-на және хабарларды жариялауға бақылау оңай болған, ал соңғы жылдары тек Интернет қана Қазақстандағы жалғыз альтернативті жолдың бірі болып саналып келген.
«Қазіргі таңда басып шығаруға тәуелді баспа басылымдары қатаң қадағалаудан гөрі Интернет еркін ресурстың бірі болып есептеледі»,- дейді Евгений Плахина, «Интернет еркіндігі үшін» атты қозғалысының көшбасшысы.
Осы заңды қабылдау қажеттігін қолдайтындардың айтуынша, бұл заң Интернетті заңсыз мақсаттарда қолданудың алдын алу, оны болдырмау және диффамациядан адамдарды қорғау негізінде қажет дейді.
Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттіктің жетекшісі Қуанышбек Есекеев бұл заңды қолдайды, өйткені кез келген сайттардың меншік иелері өз сайттарында жарияланған ақпараттарға толығымен жауапкершілікті алу қажет дейді.
«Кез келген адам өз ойын айтуға құқылы, бірақ та ол басқа біреудің жеке тұлғасына нұсқан келтірмеу қажет»,- деп Қазақстандағы Cnews (ақпараттық технология туралы электрондық басылым) орталығының өкілдігі айтады. «Сайттағы блогтардың меншік иегерлері сол блог беттеріндегі ақпараттарға және комментарияларға жауапкершіліктерді өз мойнындарына алу қажет,- деп чиновник өз сөзін толықтырды. – Егер де сайттағы чаттар жайлы сөз қозғасақ, кез келген чатта модератор болу қажет, сол чатта болған адамдардан жазылған ақпараттардың мән-мағынасын бақылап отыру керек».
Кейбір сарапшылардың айтуынша, алдағы уақытта Қазақстанның ЕҚЫҰ-ның алдында төрағалық ету кезінде қиыншылықтар туындауына байланысты ел президенті Нұрсұлтан Назарбаев бұл заңға қол қоймауы мүмкін дейді.
«Бұл жерде ең ақылды іс тек асықпай, күту қажет дейді»,- Эдуард Полетаев белсенді блог маманы және «Евразия әлемі» журналының бас редакторы. – Халықаралық имиджді көтеру тұрғысынан алғанда бұл заңды қабылдау немесе қабылдамау биліктің демократиялық бағдарлығын анықтап, көрсетеді. Бірақ та бұл керітартпа ұстанымдар ел президентін бұл заңға қол қоюуына итермелеуі мүмкін /заң/».
«Интернет еркіндігі үшін» атты қозғалысының белсенді жақтаушысы, Халықаралық журналистика Орталығының жетекшісі Әділ Джалилов ел президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев бұл заңға қол қоюуы мүмкін деген қауіпте.
Егер сондай жағдай болса, онда «Интернетке шектеу қоюды қолдайтын билік өкілдері келісім – ымыртқа келуден қорқатындығын білдіріп, халықаралық талаптардан олардың тілектері өте күшті екендігін көрсетеді» дейді ол.