Ақпаратқа қол жеткізу туралы заң тек келесі жылы қабылданады

Ақпаратқа қол жеткізу туралы заң тек келесі жылы қабылданады

Қазан айында жасалған ресми мәлімдемеге сәйкес, жария ақпаратқа қол жеткізуі туралы көптен күткен заң Қазақстанда тек келесі жылы қабылданады.

Мемлекеттік мекемелерден ақпарат алуды жеңілдетуі тиіс, осындай жол арқылы мемлекеттік жүйенің ашықтығын арттыратын заңды әсіресе медиасаланың қызметкерлері күтуде. Заңға байланысты алғашқы тыңдаулар 2010 жылдың күзінде басталған-ды.

«Костанайские новости» газетінің бас редакторы Сергей Харченко журналистердің мемлекеттік ақпаратқа тәуелді екенін, алайда ресми ақпарат көздерінен мәлімет алудың қиындығын айтады. Қоғамға қандай ақпаратты беруге болады, ал қандайын беруге болмайтынын нақты анықтап беретін ережелердің жоқтығына байланысты, билік орындары мәлімет бермеу үшін кез келген сылтау айта сала алады.

«Қостанай таңы» газетінің тілшісі Гүлназым Сағитова түрлі сылтаулармен ақпаратқа қол жеткізе алмайтындығын айтты. Оның сөзіне қарағанда, ең жиі қолданылатын тәсілде шенеунік өзіне қойылған сұрақ бойынша жауап бере алмайтындығын, ол оның құзырына кірмейтіндігін және мәселені тек басшылық шешетінін айтып жалтаратын көрінеді.

Осы бағдарламадағы екінші сюжет тегін тұрғын үйге қол жеткізу құқығы бар азаматтардың жолында кездесетін кедергілер туралы әңгімелейді. Заң бойынша, балалар үйінде тәрбиеленген азаматтар мемлекеттен тегін үй ала алады. Алайда өтініш беру процесі өте түсініксіз, қандай құжаттарды жинау керектігін және оларды қайдан алу керектігін анық білу қажет. Тіпті өтініш барлық ережеге сай дұрыс берілген күннің өзінде, оны қарастыру жылдарға созылуы мүмкін.

Қостанай қаласы әкімшілігінің есеп және тұрғын үй бөлісі бөлімінің меңгерушісі Ренат Ужубаев балалар үйінің бұрынғы тәрбиеленушілері, соғыс ардагерлері және өзге де азаматтар санаттары тегін үйге қол жеткізу құқығына ие, алайда әр санат өзіне қатысты құжаттар пакетін әкелуі керек дейді.

Орыс тіліндегі аудиобағдарлама Қазақстанның Қостанай облысындағы «КН» радиосында Норвегияның Сыртқы істер министрлігі қолдау білдірген IWPR жоба қызметінің аясында жарық көрді.

Women
Frontline Updates
Support local journalists