Қазақ сарапшылары жерге қатысты наразылықтарға өз пікірлерін білдірді

IWPR радиобағдарламасы

Қазақ сарапшылары жерге қатысты наразылықтарға өз пікірлерін білдірді

IWPR радиобағдарламасы

Қазақстан Республикасы президенті Нұрсұлтан Назарбаев Жер кодексіне келесі жылға дейін түзетулерді қабылдау  бойынша мораторийді  енгізгеннен кейін қоғамдағы дүрбелең ушығып отыр.

 Елімізде алғашқы наразылық акциялары басталғаннан кейін, 5 мамыр күні мораторий енгізілген болатын. Олар сәуір айында Атырау, Ақтөбе, Семей, Қызылордада орын алған болатын.  

Наразылық акцияларының  екінші толқыны 21 мамырда болып өтті. Осы күні, Қазақстанның ІІМ  мәліметі бойынша, рұқсат етілмеген митингке қатысқандары үшін еліміздің әр тарапындағы 40 белсенді  бір тәулікке ұсталған болатын.  Сондай-ақ, акцияны жарияламақ болған жиырмаға жуық жергілікті және шет елдік БАҚ қызметкерлері  қамауға алынған. Бірнеше сағаттық қамаудан кейін журналистер босатылған болатын.

Мәлім болғандай, Қазақстанның парламенті өткен жылы Жер кодексіне өзгертулер енгізген болатын, онда ауыл шаруашылығына арналған жерлер 25 жылған еліміздің азаматтарына және де шет елдік азаматтарға, сондай-ақ шет елдік жарғылық жарна үлесі 50 %-дан аспайтын  кәсіпорындарға жалға беріле алады деп көрсетілген.

Кодекске енгізілген өзгертулер ағымдағы жылы талқыланып, жаңа Жер кодексі 2016 жылдың 1 шілдесінде күшіне енуі керек болатын.

Наразылық білдірушілер жердің шет елдіктерге жалға берілуіне қарсы тұрды. Олардың қауіпі – бұл өзгерістер ауыл шаруашылық алқаптарының ұлттық бақылаудан тысқары қалып, сондай-ақ  экологиялық жағдайының  нашарлауына алып келеді деп сенуінде.

«Экономика мен әлеуметтік саладағы, оның ішіндегі өткен жылғы теңгенің құнсыздану дағдарыс процессі аясында, халықтың әлеуметтік көңіл-күйі күрт нашарлады. Бұл тұста халықтың наразылығына отқа май шашқандай өршітіп отырған биліктің білім беру, денсаулық сақтау саласындағы түрлі бастамалары. Ал жер мәселесі, өзіміз көріп отырғандай, шыдамды  шырқау шегіне жеткізіп отыр», - деді қазақстандың саясаттанушы Андрей Чеботарев.

Жергілікті телеарналардың митингті үшінші бір тараптар қаржыландырған деген хабарламаларына пікір білдіре отырып, саясаттанушы былай деді:

«Менің ойымша кейбір жерлерде процесс өзбетінше, өз қалпында, ал кейбір жерлерде аймақтық элитаның әсері болды деп есептеймін».

Қоғаммен байланыс жөніндегі маман Ерлан Асқарбеков, Қазақстандағы телеарналарға деген сенім деңгейі төмен деп белгіледі.

«Біздегі теледидарды халық қандай да бір ойын деп есептейді. Мына сөздің өзі соған дәлел: «Маған «Хабарды» қосыңдар! Бәрін ұмыт қалдырғым келеді!» - деп белгіледі ол.

Асқарбеков қазақстандықтарды маңызды, тиімді мәселелер толғандырады деп қосты.

Сол мезетте, 14 және 21 мамыр күндері Астанада Жер реформасы бойынша арнайы комиссиясының екі отырысы өткен болатын. Вице-премьер Бақытжан Сағынтаевтың басшылығындағы бұл үкіметтік комиссия келесі жылға  дейін Жер кодексіне қоғамның пікірлеріне жүгіне отырып, өзгертулер әзірлеу қажет.

Ботагөз Сейдахметова, Қазақстандағы IWPR радиоредакторы.

Kazakstan
Land, Protests
Frontline Updates
Support local journalists