Institute for War and Peace Reporting | Giving Voice, Driving Change

Қазақстандағы Жовтистің ісіне қатысты сот шешіміне қатысты наразылық

By Ainagul Abdrakhmanova
.


20 қазан күні Алматы облысының соты атақты құқыққорғаушы, адам құқығы мен заңдылықты сақтау бюросының директоры Евгений Жовтистке қатысты үкімді өз күшінде қалдырды, ол 4 жыл бас бостандығынан айырылып, жазасын өтеу елді мекеніне жіберілді. 3 қыркүйек күні сақтықсыз көлік жүргізіп, жаяу жүргіншіні соғып кетіп, кейіннен қаза тапқан адамның өліміне апарған. (бұл туралы толығырақ келесі мақаладан оқи аласыздар Қазахстан: құқыққорғаушыға жазасын түрмеде өтеуге үкім шығарылды , RCA № 588, 10 қыркүйек 2009 жыл)



Құқыққорғаушы ұйымдар мен батыс саясаткерлері, апелляциялық тыңдау барысында алғашқы сот процессінде жіберілген процессуалдық қателіктерге көңіл аударылған жоқ деп, жаңадан істі қарастыруға шақырды.



Апелляциялық тыңдау барысында төреші барлығын жоққа шығарып не болмаса, барлық өтініштер бойынша сот шешімін шығаруды кейінге ығыстырып отырды, тек Жовтисті қорғау тобының ғана ұсынғанын қолдады.



Өтініштердің бірінде, болған оқиғаның техникалық аспектілерін анықтауға қатысты жаңа сот тексерістерін өткізу ұсынылды. Жовтисты қорғаушылардың айтуы бойынша, тергеудің басында оған сот тексерістің нәтижесіне қатысты қарсылық білдіру мүмкіндігінен бас тартты, себебі тергеушілер Жовтисқа оның куәгер дәрежесінен, күдікті дәрежесіне ауысқаны туралы хабарламаған.


Сот Төрешісі Ержан Тотыбай тегі сотталушыға апелляциялық тыңдауға қатысуы туралы өтінішіне қарсылығын білдірді; дегенмен ол қаза болғанның анасынан Жовтисты кешіргені туралы және оған қатысты соттың ізіне түсуін тоқтату туралы өтінішті қабылдады.



Үкімді өзгеріссіз қалдыру туралы шешім батыс саясаткерлерінің, жергілікті және шетел құқыққорғаушыларының, сонымен қатар келесі жылы Қазақстан төрағалық ететін, Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымының сыни толқындарын тудырды.



АҚШ Елшілігінде мұндай сот шешімі қорқыныш тудырып, Қазақстанның үкіметін процессуалды іс жүргізуді қайта қарастыруды сұрады. Бірақ берілген жағдай бойынша, айыпталушы апелляцияға тапсыра алатын орын Алматы соты жоғарғы сатысы болып есептелендіктен, тиісті істің бағытына кепілдеме беретіндей істің қайта қарастырылуын ескереді.



Францияның сыртқы істер Министрлігінің атап өтуі бойынша, Жовтис тыңдауға қатысқан жоқ және «қорғау құқығы толық мәреде сақталған жоқ»; сонымен қатар, Министрлікте үкім қайта қарастырылатынына сенім артып отырғаны туралы айтты.



21 қазан күні демократиялық институттар мен адам құқығы бойынша ЕҚЫҰ бюросының басшысы Янеш Ленарчич шағымданды, ол жерде былай делінген: « алғашқы соттың тексеру барысында болған құқықтық процедураға тиісті айқын заң бұзушылықтарға апелляциялық сот қажетті көңіл аудармағандарына біз мазаланып отырғанымыз».



Ленарчичтың айтуы бойынша, Жовтистың жұмысы ерекше қарастыруды талап етпейді, ЕҚЫҰ құжаттарында ескерілген адал сот тергеуін қамтамасыз ету қазақстандық билік басындағылардың міндеті еді.



Нью-Йоркте орналасқан, Хьюман Райтс Вотч (Human Rights Watch) ұйымы, сот шешімін «әділеттіктің үлкен қателігі» деп атады.



«Бүгінгі қабылданған шешім барлығы үшін, Қазақстандағы әділ сот құқығының сақталуы парықсыз емес адамдар үшін үлкен соққы болды», - деді Хьюман Райтс Вотч (Human Rights Watch) ұйымының Еуропа және Орта Азия бойынша директордың орынбсары, Рейнел Денбер.



Халықаралық бірлестік жаңа тергеу жүргізу туралы айтуы керек және Қазақстан ЕҚЫҰ төрағалық етуге жету мақсатында мемлекет өзі ресми мәлімдеген стандарттарға сәйкес істі бағалау керек».



Жергілікті құқыққорғаушылар да естен танып қалды. Соттың шешімінен гөрі, Қазақстан билігінің көптеген қам жеген пікірлерлерге, соның ішінде ЕҚЫҰ жағынан болған пікірге немқұрай қарағандары үшін мазаланды.



«Мен әрине Қазақстандағы сот жүйесіне қатысты кері пікірлерім жоқ», - деді Алматыдағы Хельсинки комитетінің басшысы, Нинель Фокина. – Алғашқы сатыдағы сотта соншалықты қате болғандықтан, соттың үкімі жойылуы керек еді».



Саясаткер және «Азаматтық қоғам» қорының басшысы, былай дейді, осындай сот шешімін күткен едім, бірақ оған шығарылатын үкім жеңіл болады деген үмітім болған.



«Қазақстанның ЕҚЫҰ төрағалық етуін қолдаған мемлекеттерді, қазақстандық билік өкілдерінің ісімен ыңғайсыз жағдайға қойды»- деді Ковтуновский. – Оларға Қазақстанда болып жатқан іске жақсы көңіл бөлуі керек».



Ковтуновскийдің айтуы бойынша, Қазақстан ЕҚЫҰ –на болашақта төраға болатындықтан, ұйымның мүшесі ретінде оның міндеттері жайлы ескерту керек.



«Егер ЕҚЫҰ мен оның мүшелері шыдайтын болса, демек, ЕҚЫҰ-ның өзіндік құндылықтары жоқ екенін білдіреді», - дейді ол.



Жовисты қолдауға арналған комитетті басқарып отырған журналист, Сергей Дуванов былай деді: « [президент Нұрсұлтан] Назарбаев батыстағылардың пікірін күннен күнге аз тыңдайтыны үрей тудыратын тенденция болып есептеледі. Қазақстан ЕҚЫҰ-на төрағалық етеді, ал бұл ұйымның барлық принциптері Қазақстанмен тапталады деген ашық үндеу тастау».



«Біз сенімімізді жоғалтуға құқығымыз жоқ және Евгений Жовтистың бостандығы үшін соңына дейін күресеміз», деді Дуванов.



Айнагүл Абдрахманова,Қырғызстандағы журналист, IWPR тренингін тыңдаған.